9 сынып оқушыларына «диссоциациялану дәрежесі. күшті және әлсіз электролиттер» тақырыбын оқытуда мобильді технологияларды қолданудың ерекшелігі

Авторлар

  • доцент Жылысбаева А.Н. Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-9114-7582

DOI:

https://doi.org/10.47751/

Кілт сөздер:

мобильді оқыту, мобильді технология, электронды оқулықтар, білім алушылар, мобильді байланыс құралдары.

Аңдатпа

Бұл мақала химияны оқытуда мобильді технологияларды сабақ барысында қолданудың тиімділігін айқындауға бағытталды. Мақалада отандық және шетелдік авторлардың «мобильді оқыту» терминіне берген анықтамалары қарастырылды. Мобильді платформаларды химия сабағында  қолданылу үлгісі ретінде мысалдар келтірілді . Әр түрлі мобильді қосымшалар туралы ақпарат беріліп, оларды қолданылуы туралы қысқаша түсініктеме берілді. Оқу барысын ұйымдастыру кезінде мобильді оқыту техналогиясын қолданудың  артықшылықтары және кемшіліктері сипатталды. Мобильді оқыту құралдарының мүмкіндіктері арқылы сабақта интерактивті тапсырмалар, көрнекі модельдер, бейнематериалдар және тәжірибелерді цифрлық форматта көрсету әдістері қолданылды.

Зерттеу әдістері ретінде педагогикалық эксперимент пен сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде оқушылардың 96,7%-ы мобильді технология арқылы өткізілген сабақтың ұнағанын, 90%-ы материалды меңгеру жеңілдегенін, ал 85%-ы сабақтағы белсенділігінің артқанын көрсетті. Эксперимент нәтижелері мобильді технологиялардың тиімділігін айқын көрсетіп, күрделі химиялық процестерді визуализациялауға, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретінін дәлелдеді.

Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері мобильді оқыту әдістері химия сабағында оқу сапасын арттырудың, оқушылардың танымдық белсенділігі мен ынтасын күшейтудің тиімді және заман талабына сай құралы екенін көрсетті. Мобильді технологиялардың оқу үдерісін дербестендіруге, әр оқушының жеке оқу қарқыны мен қабілетіне сай білім алуға жағдай жасайтынын да көрсетті. Сонымен қатар, мобильді қосымшаларды жүйелі қолдану оқытудың жаңашыл форматын қалыптастырып, химия пәнінің қолжетімділігі мен тартымдылығын арттыруға ықпал ететіні анықталды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

9 сынып оқушыларына «диссоциациялану дәрежесі. күшті және әлсіз электролиттер» тақырыбын оқытуда мобильді технологияларды қолданудың ерекшелігі. (2025). ILIM, 46(4), 88-107. https://doi.org/10.47751/