Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v39i1.3

Кілт сөздер:

Ойын технологиясы, химия, қызығушылық, құзыреттілік, дидактикалық ойын

Аңдатпа

Қазіргі таңда оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту оқыту үдерісінде нәтижеге жетудің басты себептерінің бірі. Ақпарттық коммуникацияның қарыштап дамыған дәуірінде оқушыларды гаджеттерден, компьтерлерден алшақтата отырып, ақыл-ой және қимыл әрекетке негіздей оқытуда әрі қызығушылығын арттыруда ойын әрекетінің маңызы зор. Мақалада ойын технологиясын тиімді қолдана отырып, оқушылардың химия пәніне деген таным көкжиегінің арту мен пәнге қызықтыру мәселесі қарастырылады. Сабақты ойын технологиясы арқылы жүргізудің тиімділігі – оқушылар тақырыпты жеңіл үйреніп, сабаққа ынтасы артады. Ойын технолгиясы сыныпқа көңілді әрі шығармашылық атмосфераны тудырады. Мақалада дидактикалық ойындарға нақтырақ тоқталып, бірнеше ойын түрлеріне шолу жасалынады. Зерттеу жұмысын жүзеге асыру барысында теориялық және эмпирикалық, сандық және сапалық әдістер қолданылды. Бақылау және эксперименттік топтар іріктелініп, дәстүрлі әдіспен және ойын технологиясына негізделген сабақтар жүргізілді. Оқушылардың қызығушылық деңгейін анықтау мақсатында сауалнама әдісі қолданылды. Дәстүрлі әдіспен және дидактикалық ойындарға негізделе жүргізілген сабақта эксперименттік топтың қызығушылығы артқаны және тақырыпты түсінгені анықталды. Тапсырманы орындау барысында бақылау тобымен салыстырғанда эксперименттік топтың белсенділік танытқаны, химиялық ұғымдар мен құбылыстарды түсінуге ынталанғаны байқалды. Дидактикалық ойындар оқушылардың қызығушылығы арқылы тапсырманы орындау барысында пәнді түсінуіне, ұғымдар мен құбылыстарды сипаттауына мүмкіндік берді. Ойын - ақыл мен әрекетті біріктіре отырып, оқу мақсаттарына жеңіл әрі жылдам жетуге және тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал етті.

Downloads

Download data is not yet available.

Автор өмірбаяны

  • Нұрділлаева Раушан Нұрділлақызы

    х.ғ.к., профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыру. (2024). ILIM, 39(1), 33-46. https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v39i1.3