Биология курсындағы «қолданбалы кіріктірілген ғылымдар» бөлімін пәндік интеграциялау арқылы оқыту

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v44i2.4

Кілт сөздер:

биология курсы, интеграция, пәнаралық байланыс, білім беру жүйесі, педагогикалық практика, кәсіби даму

Аңдатпа

Бұл мақала білім беру жүйесіндегі интеграция мәселелерін, оның ішінде пәнаралық бағдарламалар мен курстарды енгізуді зерттеуге арналған. Жалпы және кәсіби білім беруді интеграциялаудың теориялық негіздері мен практикалық аспектілеріне, сондай-ақ пәнаралық оқытудың оқу процесіне әсеріне ерекше назар аударылған. Зерттеуде М. Н. Берулава ұсынған пәнаралық оқытудың үш деңгейі: жалпыәдіснамалық, жалпығылыми және жекеғылыми деңгейлер қарастырылады, сондай-ақ А. Я. Данилюк көрсеткен пәнаралық оқытуды енгізуге кедергі келтіретін педагогикалық мәселелер талданады. Еліміздің білім беру жүйесінде пәнаралық оқытуды табысты енгізуге кедергі келтіретін негізгі қиындықтар анықталды. Олардың ішінде: пәнаралық оқыту сабақтарын дайындауға кететін уақыттың көптігі, әдістемелік материалдардың жетіспеушілігі, оқу жоспарының тығыздығы және кейбір мұғалімдердің енжарлығы. Пәнаралық оқытуды сәтті енгізу үшін мұғалімдердің кәсіби дамуы, соның ішінде жобалық және зерттеу қызметіне баса назар аудара отырып, жоғары оқу орындарында мұғалімдерді даярлау қажет екені атап өтілді. Мақала қазіргі заманғы білім беру ортасының талаптары мен XXI ғасыр қоғамының қажеттіліктеріне сәйкес келетін интеграция дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығын атап көрсетеді. Интеграциялық тәсілдерді енгізу үшін білім алушылардың ынтымақтастығын, оқу жоспарларын жаңарту және арнайы әдістемелік материалдарды әзірлеу қажет.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-20

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Биология курсындағы «қолданбалы кіріктірілген ғылымдар» бөлімін пәндік интеграциялау арқылы оқыту. (2025). ILIM, 44(2), 73-87. https://doi.org/10.47751/skpu.1937.v44i2.4