Білім беру бағдарламасын жасауда кәсіби құзыреттіліктің маңызы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0036

Кілт сөздер:

құзыреттілік, медиа, медиакеңістік, аудитория, аудиовизуалды құрылғы, журналистика.

Аңдатпа

Білім беру бағдарламасын жасауда кәсіби құзыреттілік маңызды мәселенің бірі саналады. Өз кезегінде ол білім беру мазмұнын тереңдетіп, соған сай маман дайындауға әсері ететіні белгілі. Бүгінгі таңда халықаралық талаптарға сай білім беру мазмұнын дайындау, оны білім алушының меңгеруіне ықпал жасау, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру және оны бағалау – әлемдік білім-ғылым саласының басты талабы. Бұл мәселе бұған дейін көптеген елде жан-жақты қарастырылып келеді. Десе де, әрбір білім беру бағдарламасы бойынша жеке-жеке зерделеуде қажет етеді. Сондықтан, мақалада журналистика және медиа саласының мамандарын даярлауда ұстанылатын құзыреттіліктер негізге алынады. Атап айтқанда, «баспа ісі» білім беру бағдарламасы аясында аудиовизуалды құрылғылар мен медиа өндірістегі кәсіби және сапалық құзыреттіліктер талданады. Зерттеуде Еуропа мен Ресей ғалымдарының ғылыми еңбектері негізге алына отырып, кәсіби және сапалық құзыреттілік мәселесі көтеріліп, оны қалыптастырудың ғылыми негіздері сараланады. «Баспа ісі» білім беру бағдарламасының кәсіби құзыреттіліктері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мысалында көрсетіле отырып, зерттеу нәтижесіне сай тұжырым жасалады. Оны сала мамандарын дайындаудың сапасын бағалау мен білім беру бағдарламасын жасауды жетілдіруде қолдануға болады.

 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Білім беру бағдарламасын жасауда кәсіби құзыреттіліктің маңызы. (2021). ILIM, 28(2), 47-55. https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0036