Хакім Абай мен Шәкәрім поэзиясындағы адамдық ұстаным

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0032

Кілт сөздер:

Абай, Шәкәрім, адамгершілік, өнер алды – қызыл тіл, әкенің баласы емес, адамның баласы.

Аңдатпа

Қазақстанда қазақтың бас ақыны, адамзаттың Абайы атанған, ғұлама-философ Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын аталып өтті. Мақалада өміршең шығармаларымен халықтың жүрегінен ойып орын алған хакім Абай мен ізбасар шәкірті Шәкәрім поэзиясында көтерілген адам баласына тән ұлттық құндылықтар: адамның адамдығы, имандылығы, адамгершілік мәселелері мен жағымсыз қасиеттері сөз болады. Қараңғылықтан шығудың жолын көрсетеді, жастарды пайдалы іс атқаруға шақырады, оқуға үндейді. Абай өзінің ақындық мектебінен сусындап өскен бауыры Шәкәрімге де басқа іні-шәкірттеріне де өмірлік ұстанымы болған ғылым мен білімді, адамгершілік қағиданы насихаттап өткен. Ең алдымен, білім алудың, оны ғылыммен ұштастырудың керектігін, ол үшін ерінбей-жалықпай, тек пайда ойламай оқу керектігін түсінген Шәкәрім де осы жолды ұстанғаны баяндалады. Екі ғұламаның да дүниені танып-білуі жөніндегі пайымы мен түсінігі шығармалары арқылы сабақтасып, қалың оқырманның көңілінен шыға білгендері өлеңдерінде лексика-грамматикалық тұлғаларды шебер пайдалана білгендері айтылады. Ағайынды екі ақынның да бойында дүниені  танып білудегі білім мен біліктің молдығы, адамгершілік қағидаларының жоғарылығы, сегіз қырлы, бір сырлы, терең ойшыл өнерпаз болғандығы тұжырымдалады. Болашақ ұрпаққа ұлы ұстаз Абайдың, оның шәкірті Шәкәрімнің шығармаларын тереңірек оқып, түсінуге, түйсінуге үндейді.

 

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Хакім Абай мен Шәкәрім поэзиясындағы адамдық ұстаным. (2021). ILIM, 28(2), 5-13. https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0032