Дәстүрлі білім беру жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0028

Кілт сөздер:

дәстүрлі білім беру жүйесі, технология, білім, педагог, сапа.

Аңдатпа

Мақалада зерттеу тақырыбымды тереңірек ұғыну мақсатында дәстүрлі білім беру жүйесінің оң тұстары мен кемшіл тұстары анықталмақ. Оқытудың жаңа жүйесіне көшкен білім саласы оң нәтижелерге жетіп жатқаны сөзсіз. Алайда, дәстүрлі оқытудың теріс тұстарын ғана алға тарта беруге болмайды. Ойшылдардың өз кезеңінде педагогикаға қосқан үлесін алға тарта отырып, дәстүрлі білім беру сапасының да өз кезінде жоғарғы дәрежеде іске асырылғандығын дәлелдегім келеді. Дәстүрлі білім жүйесіне беделділік педагогикасы тән. Дәстүрлі білім берудің «беделі» өзі ішінде күрделі де құрама құрылымға ие, ондағы оқыту мен тәрбиелеу мазмұнының бөлігін ұлт пен ұстаз беделі айшықтайды. Мазмұнның дәлелі де міндетті түрде үлгі, стандарттың болуында. Мұғалімнің ешбір дүние тең келмес орнын кез-келген «дамытушы жүйелер», «интерактивті тақталар», «технологиялар», «модернизациялар» алмастыра алмайтыны сөзсіз. Жаңартылған бағдарламаның да артықшылықтар мен ұтқыр тұстары ұшан теңіз. Дәстүрлі мұғалім білім алушының дамуына басшылық жасайды, оны дұрыс бағытқа бағыттайды (нұсқаулық көрсетеді), түрлі қателіктерден сақтандырады, оқушының «межелі мақсатқа» өз уақытында нық қадамдармен келуіне кепілдік береді және сол үшін тынымсыз еңбек етеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Дәстүрлі білім беру жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері. (2021). ILIM, 27(1), 66-75. https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0028