B1 деңгейдегі түрікше оқылым мәтіндерінің сөздік қоры туралы зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.47751/skspu-1937-0014Кілт сөздер:
тіл, мәдениет, тілді оқыту, оқылым, B1.Аңдатпа
Тіл мен мәдениет ет пен тырнақ тәрізді ажырамас нәрсе. Тілді оқыту дегеніміз тек сөздерді немесе грамматиканы үйрету ғана емес, сонымен бірге ол тілдің дамыған мәдениетін үйрету. Мәдени байланысты қамтамасыз ету үшін тілдерді оқыту кітаптарындағы мәтіндерді оқудың өзіндік маңызы бар. Бұл зерттеуде В1 деңгейіндегі түрік кітаптарындағы оқу мәтіндеріндегі сөздік қоры талданды. Сонымен қатар, бұл зерттеу Юнус Эмре институты бастырған «Иеді иклим» түрікше кітабы, Ыстамбұл университеті жариялаған «Шетелдіктер үшін Ыстамбұл» түрікше кітабы және Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті дайындаған түрікше оқулығының В1 деңгейіндегі сөздердің қолданылу жиілігін анықтау үшін дайындалған. Олар «Земберек» талдау әдісімен түрік тілін шет тілі ретінде оқытуда негізгі дерек көзі ретінде дайындалған.