Органикалық химия пәнінде проблемалық оқыту әдісін енгізудің тиімділігі
DOI:
https://doi.org/10.47751/Аңдатпа
Зерттеудің мақсаты – органикалық химия пәнін оқытуда проблемалық оқыту әдісін қолданудың тиімділігін анықтау және оның білім алушылардың танымдық белсенділігіне, пән бойынша білім сапасына және зерттеушілік дағдыларының қалыптасуына әсерін бағалау. Эксперименттік жұмысқа 120 оқушы қатысты. Зерттеу барысында органикалық қосылыстардың құрылысы, қасиеттері мен алыну жолдарына байланысты проблемалық жағдаяттар ұсынылып, оларды шешуге бағытталған тапсырмалар жүйесі қолданылды. Оқушылар өз болжамдарын ұсыну, дәлелдеу, салыстыру және қорытынды жасау әрекеттерін орындады.Эксперимент нәтижелері проблемалық оқыту әдісін қолдану оқушылардың органикалық химияға деген қызығушылығын арттырып, олардың оқу мотивациясын күшейткенін көрсетті. Сонымен қатар білім алушылардың логикалық ойлау қабілеті, талдау және синтездеу дағдылары дамып, сабақтағы белсенділігі мен өздігінен білім алу деңгейі жоғарылағаны анықталды. Бақылау нәтижелері оқушылардың теориялық білімді тәжірибелік жағдаяттарда қолдану қабілетінің жақсарғанын және оқу материалын меңгеру сапасының артқанын көрсетті. Зерттеу қорытындысы бойынша проблемалық оқыту әдісі органикалық химия пәнін оқытудың тиімді педагогикалық технологияларының бірі болып табылады және оны жалпы білім беретін мектептердің химия сабақтарында кеңінен қолдануға болады.


